Ерғали Сыздықұлы Жүніспеков 1936 жылы 22 наурызда Қарағанды қаласында туған. Қазақ. №4
кәсіптік-техникалық училищенің бұрғылау факультетін (1958) бұрғылау шебері мамандығы бойынша, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театры жанындағы Театр студиясын (1972) актер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1954 жылдан – «Советтік Қарағанды» редакциясының корректоры. 1958 жылдан – Қарағанды геологиялық-түсірім іздеу экспедициясында 4-ші разрядты аға бұрғылаушы жұмысшы. 1959 жылдан бері – С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театрының әртісі. М. Әуэзовтың «Айман-Шолпан», «Бозторғай», «Абай»; Ш. Айтматовтың «Ана – Жер Ана»; Ә. Әбішевтың «Сәкеннің аманаты», С. Жүнісовтың «Жаралы гүлдер», А. Чеховтың «Шағала» спектакльдерінде ойнайды. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1998). ҚР Президенті сыйлығының лауреаты (2006). «Еңбек ардагері» медалімен (1984), ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен (2002) марапатталған.
Діни көзқарасы – мұсылман.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы – Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы – «Қазақстан әлемнің табысты 50 елінің қатарында болады».
Хоббиі – спорт.
Сүйіп оқитын әдебиеті – детективтік жанр. Үйленген. Жұбайы – Алдажұманова Рауза Тойбөкқызы (1949 жылы туған), Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ инженер-технологы.
Ер есімі - ел есінде Ел есінде ерлік мәңгі жасайды, Көңіл толқып, бүгін бір сәт босайды. Ер өлмейді, оның асқақ есімін, Бүгінгі ұрпақ мәрмәр тасқа қашайды. Ей, жеткіншек, ендігі үміт артылған, Қалғын сұрап әлі тірі қартыңнан. Кешегі өткен сұм соғыстың өртіне, Рысқұл ауылы қанаты да шарпылған. Жүз екі адам жауға кекпен аттанған, Жүректерде жеңіс деген жатты арман. Елу бесі опат болған оққа ұшып, Танк тажалдың табанында тапталған. Тас тұғырға тағзым етпей өтпеңдер, Еске алынсын тойланбаған көктемдер. Батыс жаққа бақилыққа кеткендер, Бұл ауылға мүгедек боп жеткендер. Бұл ескерткіш - ауылымыздың өскені, Ұлы күннің ақ лентасын кес, кәне. Ер рухына шашуыңды шаш, кәне, Бейбіт өмір әуеніне бас, кәне! *** Шарықтай ұшқан әуенің Ақылтай қария ойлаған елдің бірлігін, Жабдықтап кеткен жалғыз ұлының түндігін. Тұма бұлақтың суымен жуған кескенде, Киелі жермен байланып өсті кіндігің. Жалғыз баланың жасадың сен де жағдайын, Жараған ұлмен жарқырап тұрды маңдайың. Мөлдір бастаудың тамшысын татып жібіттің, Кенезе кеуіп, қурар болғанда таңдайың. Армансыз адам! Өмірге кеткен ақың жоқ, Бақытты берген бағаламауға қақың жоқ. Төрткүл дүние – төрт құбыла - төрт немерең, Өмір-теңізде тербелген бейне толқын боп. Әніңмен өрдің тағдырдың тартыс өткелін, Өлшеусіз олжа – тоқсанға таяу жеткенің. Шөберелерді иіскеп, шөлін де басқан баһадүр, Талмаш жарыңның алдын тағы орап кеткенің. Сыйлады халқың, сұрамаймын мен себебін, Жұртыңды сен де жүрекпен сүйген ер едің. Әулие бастаудың суындай мәңгі сарқылмас, Шәңкібастаудан шарықтай ұшқан әуенің.