Skip to content
Logo
Каталог
+7705-581-10-24
  • Каталог 2025
  • Интерактивные
  • Школа / ВУЗ
    • Ростовые фигуры
    • НВП 2025
  • Детский сад
  • Поликлиника
  • Государство
  • Оформить мероприятие
  • Стенды по ТБ
  • Праздник РК
  • Алғыс хат
Logo

Әбдімәлік  Тәшенов

Личности

Тәшенов Әбдімәлік 1927 жылы 21 қазанда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Иірсу Өлкесінің Ақбастау ауылында туылған. 1935-1939 жылдары Түлкібас ауданындағы Иірсу бастауыш мектебін, 1940 жылы Киров ауданында Фрунзе мектебінің алтыншы сыныбын бітірген. Еңбек жолын 1942 жылы Түлкібас ауданында тракторшы болып бастап, 1943-1945 жылдары Кемербастау ауыл советінде қызылбұрыш, ауылдық байланыс бөлімдерінің меңгерушісі, Түлкібас станциясында паровоз кочегары болған. 1945-1946 жылдары Шымкенттегі екі жылдық пединституттың аға дайындық бөлімін 8-10 сыныптар көлемінде, 1946-1948 жылдары осы институттың тіл әдебиет факультетін, 1956-1960 жылдары Шымкент педагогикалық институтын сырттай оқып бітірген. 1948-1950 жылдары Жамбыл облысы, Талас ауданы, «Бозарық» жеті жылдық мектебінде қазақ тілі мен әдебиетінен, географиядан, конституциядан сабақ беріп, мектептің директоры қызметінде болды. 1950-1957 жылдары Түлкібас станциясындағы №61 мектепте мұғалім, 1957-1988 жылдары (31 жыл) №20 бастауыш мектептің меңгерушісі -мұғалім болып зейнеткерлікке шыққан. 1955-1988 жылдары КПСС мүшесі болып, 1964- 1988 жылдары Абайыл, Майлыкент, №115 разьезд партия ұйымының

секретары болған. 1959-1988 жылдары үзіліссіз селолық советтің депутаты болып сайланған. 1961 жылы <<Халық ағарту ісінің үздігі», 1972 жылы «КСРО Құрметті теміржолшысы» атақтарын алған.

Қазақ темір жолы басқармасының Құрмет грамотасымен 2 рет, Жамбыл темір жол бөлімінің Құрмет грамотасымен үш рет, Алматы темір жол басқармасының Грамотасымен марапатталған. 1955 жылы <<Сталиндік шақырудың үздігі>>> медалімен, 1987 жылы Еңбек ардагері медалімен, 1995 жылы Ұлы Отан соғысының 50 жылдық медалімен марапатталған. Газет журналдарда әңгіме-өлеңдері үзбей шығып тұрды. Алты жыр-дастан жинақтары шыққан. 2004 жылы <<Түлкібас ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Он ұл-қыз өсіріп тәрбиелеген. Бүгінгі күнде 41 немере, 48 шөберелері бар. 2004 жылдың 16 тамызында Дүниеден өтті.

Т. ШІЛМЕНБЕТОВ, Жабағылы ауылдық округі,

Похожие шаблоны:
  • ывааыаа
    Абай (Ибраһим) Құнанбаев
  • image-13
    Мұхтар Әуезов
  • image-23
    Сәбит Мұқанов
  • image-14
    Бауыржан Момышұлы
  • image-19
    Ілияс Жансүгіров
  • image-20
    Ыбырай Алтынсарин

Tags: биография личностей

  • Разработка дизайна вывески
  • Разработка лазерных макетов
  • Создать портрет в стиле DreamArt, Фотомозайку, Созвездие
Нужен дизайн с нуля?
Наши дизайнеры подготовят для вас макет: от идеи до печати. Напишите нам или оставьте заявку.
Написать в WhatsApp
ALLART логотип Онлайн пригласительная бесплатно

ТОО «ALLART», 2024 · Все права защищены
Политика конфиденциальности | Оферта | О сайте